Мақат аудандық білім беру бөлімі Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 20 желтоқсан күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінің базасында «Жаңартылан мазмұнда білім беруде оқытудың белсенді формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді.
Аудан мектептерінің бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған мазмұнда курстан өтпеген жас мамандарға әдістемелік көмек беру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарда М.Баймұханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Дөнентаева 2 сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен «Судың түрлі күйі» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқытудың тиімді әдістерін көрсете білді.
Сонымен қатар Х.Санбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Оразова және №2 бастауыш мектеп мұғалімі Клара Омарова «Оқытудың белсенді түрлері» тақырыбында шебер сынып өткізді. Сондай-ақ, семинарда мұғалімдерге арналған әсерлі тренингтер өткізілді.
Семинар соңында аудандық білім беру бөлімінің Әдітемелік кабинет әдіскері Мейрамгүл Адилова қатысушылармен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салуға кері байланыс жасап қорытындылады.
https://makat-bb.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/130-zha-artylan-mazm-nda-bilim-berude-o-ytudy-belsendi-formalary-men-dis-t-silderi#sigFreeIdaf36b6bdb9