23 Қантар 2020
1647

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

Мақат аудандық білім беру бөлімі Әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына  сәйкес, 2020 жылдың  22 қаңтар  күні  Л.Шахатов атындағы орта мектебінің базасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың аудандық байқауы өтті.   

 Байқаудың мақсаты:

Жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық  потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, инновациялық белсенділіктерін дамыту.

Байқаудың өткізу талабы бойынша 3 тапсырма берілді.

Бірінші тапсырма бойынша - «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.

Екінші тапсырма бойынша - «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында  өзін – өзі таныстыру.

Үшінші тапсырма бойынша – ашық сабақ өткізу.

Байқау нәтижесі бойынша берілген 3 тапсырмадан сүрінбей өтіп, Бас жүлдеге ие болған О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің ағылшын пәнінің   мұғалімі А.Круглова, І орын дипломымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі А.Қамзина, ІІ орын дипломымен А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі С.Рахметоллаева  және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі А.Оразова, ІІІ орын дипломымен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Несипбаева мен Бәйгетөбе мектеп – бөбекжай кешенінің бастауыш сынып мұғалімі А.Руслановаға бұйырды.   

Сонымен қатар байқауға қатысып, белсенділік көрсеткені үшін Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі А.Токсанбаева, М.Баймұханов атындағы орта мектептің химия пәнінің  мұғалімі А.Сисекешова, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Утеуова, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының ағылшын пәнінің мұғалімі Ф.Жұбан және №2 бастауыш мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі А.Аманқызы аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.    

 

.