2020 жылдың 22 қаңтар күні Х.Санбаев атындағы орта мектебінің базасында Ұлы отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери-патриоттық клубтардың аудандық көрме – сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты мен міндеті:
- Жасөспірімдерге әскери – патриоттық тәрбие беру;
- Алғашқы әскери дайындық жұмыстарын жетілдіру.
Сайыс «Менің әскери роботым», «Әскери мақсаттағы макеттер», және «Біздің әскери патриоттық клуб» бейнероликтер конкурсы бойынша 3 бөлімнен өткізілді.
Сайыстың нәтижесінде І орынды М.Баймұханов атындағы орта мектебі, ІІ орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебі, ІІІ орынды Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені мен А.Құнанбаев атындағы орта мектептері бөлісті. Жарыстың жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.