28 Қантар 2020
263

Жылдың үздік психологі

Мақат аудандық білім беру бөлімі Әдістеелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтар күні Л.Шахатов атындағы орта мектебінің базасында психологтар арасында аудандық «Жылдың үздік психологі» байқауы өтті.

Байқаудың кезеңдері бойынша 1 тапсырма «Жылдың үздік психологі»  тақырыбында эссе жазу берілсе, екінші бойынша қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырды.

Үшінші тапсырма практикалық тур психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету-дамыту авторлық бағдарламасының тұсау кесері және төртінші тапсырмада «Психологтың ғажайып әлемі» конкурсы монолог түрінде өткізілді.

Нәтижесінде байқау қорытындысына сай белсенділік танытқан педаготар аудандық  білім беру бөлімінің «Алғыс  хатпен» №7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің психологі А.Мурзагалиева, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің  психологі М.Идрисава және С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының психологі З.Халидуллина марапатталды.  

ІІІ дәрежелі дипломымен Нурбөбек бөбекжай – балабақшасының психологі А.Тайпанова, ІІ  дәрежелі дипломымен Л.Шахатов  атындағы  орта   мектебінің психологі Ж.Сатанова, І дәрежелі дипломымен Б.Қанатбаев  атындағы орта мектебінің психологі Н.Бекенова және байқау  қорытындысына сай  ең жоғары ұпаймен Бас жүлдеге ие болған Бәйгетөбе мектеп – бөбекжай кешенінің психологі Оразғалиева Сәулеге бұйырды.

Құттықтаймыз!!! 

 

 

.