Мақат аудандық білім беру бөлімі Әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 28 – 29 қаңтар күндері А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің базасында 7 – 11 сынып оқушылар арасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша байқауды қамтыды.
- 1. «Бейнелеушілер» қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу;
- «Білгірлер бәйгесі» тапсырмадағы берілген суреттерге мақал-мәтел айтып, мағынасын талдап беру, жасырылған жұмбақтың жауабын таба алуы, ертегілерге байланысты қойылған сұрақты ашып айту, ұяшықтағы сандарды таңдай отырып берілген жаңылтпашты заңдылыққа сәйкес тез айту;
- «Сөз шеберлері» байқауында қатысушы ұлттық үлгідегі киіммен, 1 шығарманы немесе шығармадан үзіндіні (прозалық немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқиды. Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, Отан, ұлттық тәрбие т.б) насихаттау;
- «Жас қаламгер» байқауында оқушыға эссе алдында 10 тірек сөз беріліп, сол тірек сөздерді қолдана отырып эссе тақырыбын белгілеп, эссенің құрылымдық жағы, тәрбиелік – танымдық, өзектілік мазмұнын ашып жазу;
- «Әнші – бұлбұлдар» байқауы қатысушылар қазақ әндерінің қалпын бұзбай нақышына келтіріп орындау.
Байқау соңында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының жабылу салтанаты барысында жүлделі І орын иеленіп облыстық байқауға жолдама алған оқушылар қатысушыларға өз өнерлерін тарту етті.
https://makat-bb.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/142-zhar-yn-bolasha-respublikaly-aza-tili-olimpiadasyny-audandy-keze-i-tkizildi#sigFreeId9d36f1ae36