21 Қазан 2021
116

"Отбасы- тәрбиенің ұясы"

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат аудандық білім бөлімі "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" КММ. "Отбасы- тәрбиенің ұясы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры Ұнағанов Жақсылық Шайхыұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуйсалиева Базаргүл Ғизатқызы, сынып жетекшілер және ата-аналар үштігі қатысты. Ата-аналарға "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылу үшін шектелген бұйымдар мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы #235 бұйрығын негізге алып, оқу сабақтары кезінде ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғыларын пайдалануына шектеу енгізу туралы бұйрығы таныстырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.