30 Қазан 2021
83

2021 жылдың 26 қазан күні Х.Санбаев атындағы орта мектебінің базасында Қамқоршылық кеңесінің кезекті кеңес отырысы өткізілді

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 26 қазан күні Х.Санбаев атындағы орта мектебінің базасында Қамқоршылық кеңесінің кезекті кеңес отырысы өткізілді.

Отырыс барысында жауапты мамандар мектептегі қамқоршылық кеңестің құрылған бұйрығы мен хаттамалары және осыған қатысты құжаттарды таныстырып өтті. Сонымен қатар кеңес жұмысын ұйымдастыру және алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды.