30 Қазан 2021
148

2021 жылдың 28 қазан күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінің базасында кезекті жиналыс отырысы өткізілді

2021 жылдың 28 қазан күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінің базасында «Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиналыс отырысы өткізілді. 

Жиналысқа білім бөлімінің басшысы Долдашев Айбол Темірбайұлы, әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорлары, оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатынасты. 

Жиналыстың күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша білім бөлімінің жауапты әдіскері Тастаев Дулат Ғалымжанұлы баяндама жасап, аудан бойынша әрбір мектептегі сабақ беретін пән педагогтердің біліктілік сапасына мониторингтік талдау жұмыстарын тоқталып, сонымен қатар 2020 – 2021 оқу жылының қорытындысының білім сапасы мен ҰБТ көрсеткішіне талдау жұмыстарын айтып өтті.

Жиналыс соңында білім бөлімінің басшысы Айбол Темірбайұлы айтылған мәселелерге қатысты мектеп басшыларына және жауапты мамандарға бірқатар жұмыстар тапсырды.