05 Қараша 2021
138

Семинар

Мақат аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 03 қараша күні Л.Шахатов атындағы орта мектебінің базасында «Мектеп кітапханасында оқу мен сауаттылықты насихаттау» тақырыбындағы аудандық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты:

Оқу-тәрбие процесіне заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланып, кітапханалық-ақпараттық жұмысты дамыту; шығармашылық, іскерлік белсенділігін ынталандыру және кәсіби шеберлігін арттыру.

Аталмыш семинарға Мақат аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің міндетін атқарушы Тастаев Дулат Ғалымжанұлы, әдістемелік кабинеттің кітапхана қоры әдіскері Кабдыгалиева Жанат Әбілқасымқызы және мектеп кітапханашылары қатысты.

Бірінші спикер – А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы Жаукенова Гүлшара Жауғаштықызы «Оқу мен сауаттылықты мектеп кітапханасында насихаттау» тақырыбында баяндама оқып, слайд арқылы жасаған жұмыстарын айтып өтсе, екінші  спикер – Л.Шахатов атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Нұрманова Айнұр Әжікенқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырман белсенділігін арттыру» тақырыбында баяндама оқылып, кітапхана жұмысына кеңінен тоқталып өтті.

Үшінші спикер – О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің  кітапханашысы Адилғалиева Сания Семғалиқызы «Кітап оқуды насихаттаудың тиімді жолдары мен әдістері» тақырыбында  баяндама жасап, жасалған жұмыстарымен ой бөлісті. 

Семинар соңында мектеп кітапханашылары семинардан көрген және алған әсерлерімен кері байланыс жасап, пікір алмасумен қорытындыланды.