17 Қантар 2022
118

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім тірегім» атты аудандық ғылыми – практикалық конференция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім тірегім» атты аудандық ғылыми – практикалық конференция

 

2021 жылдың ақпан айында ауданның білім саласындағы ер педагогтер арасында арнайы кездесу өткізіліп, кездесуде білім беру ұйымдарындағы 20 мен 40 жас аралығындағы ер азаматтардың бірлігін нығайту, жұмысын жандардыру т.б. мақсатында клуб құру мәселесі қозғалған еді. Аталған кездесуде қатысушылар айтылған мәселе бойынша бірауыздан қолдап, білім бөлімінің басшысы Айбол Темірбайұлының бастамасымен және білім саласындағы ер педагогтердің қолдауымен, ауданның білім беру ұйымдарындағы ер педагогтерден құралған «Парасат» ер азаматтар клубы құрылған болатын.

Клубтың мақсаты: 

  • Қазіргі білім беру саласына ер азаматтарды тарту арқылы, осы салаға оң өзгерістер әкелу;
  • Жас ер мұғалімдердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін дамыту арқылы өз мамандығына деген құзыреттілігін арттыру;
  • Іс-әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеріп, мотивациясын арттыруға, интеллектуалдық және адамгершілік рухани деңгейі жоғары болуға баулу;
  • Өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезіне алатын ер мұғалімдерді біріктіру;
  • Клуб мүшелерінің интеллектуалдық әлеуетіне, шығармашылық белсенділігіне сәйкес кәсіби өсуіне, мансаптық ілгерілеуіне ықпал ету.

Міндеттері:

  • Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға, өз әрекетінің мәнін ашып, ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу;
  • Ер мұғалімдердің шығармашылық даму процесінде қолдау, жетілдіру және ынталандыру;
  • қызметтің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу арқылы жауапты тұлға қалыптасуына ықпал ету;
  • жеке бас сауaттылығын, мәдениеттілігін жетілдіру;
  • топ педагогтар арасында ынтымақтастық атмосфераны орнату, өзіне және өзгеге деген сенімділікті қалыптастыру;     
  • желілік қоғамдастықтар құру арқылы жас ер мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
  • заманауи, білімді, ұлтжанды, шығармашылық ізденістегі кәсіби мамандарды анықтау, қоғамға таныту;
  • облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі әр түрлі шараларға (семинар, конференция, форум, т.б.) қатыстыру.

Осыған дейін клубтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, әр түрлі (спорттық, мәдени, тал отырғызу т.б.) шаралар ұйымдастырылып келді.      

Осы мақсатта 2021 жылдың 28 желтоқсан күні Мақат кенті, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің базасында «Парасат» ер азамттар клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – тірегім» атты аудандық ғылыми – практикалық конференция өткізілген болатын.

Конференцияның мақсаты:

  • Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығы мен Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы тарихи рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту;
  • Қазіргі білім беру саласына ер азаматтарды тарту арқылы осы салаға оң өзгерістер әкелу;
  • Жас ер мұғалімдердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін дамыту арқылы өз мамандығына деген құзыреттілігін арттыру;
  • Іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеріп, мотивациясын арттыруға, интеллектуалдық және адамгершілік рухани деңгейі жоғары болуға баулу:
  • Өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезіне алатын ер мұғалімдерді біріктіру.

Конференцияның негізгі жұмыс бөлімі басталмас бұрын, арнайы шақырылған білім бөлімінің мамандары, әдіскерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, тарих пәні мұғалімдері, жас мамандар, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық «Нұр Отан» партиясы, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесінің төрағалары мен «Парасат» ер азаматтар клубының мүшелері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, білім беру ұйымдары дайындаған және аудандық мұражайдан тапсырыс бойынша әкелінген көрмелерін тамашалады.

Ғылыми – практикалық конференциясы ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылды.

Конференцияның ашылу салтанатының алғы сөзі аудандық білім бөлімінің басшысы Долдашов Айбол Темірбайұлы қатысушы қонақтарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтап және ғылыми – практикалық конференция жұмысына табыс тіледі.

Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық бөлімінде «Парасат» ер азаматтар клубының мүшелері /спикерлер/ кезекті баяндамаларын оқыды.  

«Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктері» тақырыбымен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің директоры Орынбаев Ғалымжан Бағытжанұлы баяндаса, «Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі» тақырыбымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің директоры Тәжібаев Жасұлан Садықұлы мектептегі тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы айтып өтті. Сонымен қатар келесі спикер «Тәуелсіз Қазақстанның өлкетарихының өткені мен бүгінгі» тақырыбымен С.Шарипов атындағы мектеп интернатының директоры Беріков Серікболсын Берікұлы өзінің жеке зерттеу жұмысын таныстырса және «Ұлтымыздың асық ойыны тәлім-тәрбиенің көзі» тақырыбымен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайыров Мұрат Мақсотұлы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Пленарлық бөлімі аяқталғаннан кейін «Парасат» ер азаматтар клубы мүшелері дайындаған бейне материалы конференция қонақтар назарына ұсынылды.

Бейне материал аяқталып, клуб мүшелері өздерінің жұмыс тәжірибесін көрсету үшін конференцияның практикалық бөлімімен жалғасты. Мектеп спорт залында өткен практикалық бөлімінде ұйымдастырушы ер педагогтер ұллттық ойындарды, спорттық – әскери ойындарды қатысушылар назарына ұсынды.

Осы аталған ойындарды көрсетуге «Асық ату» бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Қайыров Мұрат Мақсотұлы, «Мылтық ату» әдісі бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің әскери дайындық жетекшісі Нұрмақов Ленар Маратұлы, «ОЗК» кию әдісін көрсетуден Х.Санбаев атындағы орта мектебінің әскери дайындық жетекшісі Хамзин Нұрболат Жақсығалиұлы, «Кір тасын көтеру» бойынша  А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Галиев Мурабек Құбайдоллаұлы және «Арқан тарту» бойынша Бәйгетөбе мектеп – бөбекжай кешенінің денешынықтыру пәні мұғалімі Нарымбаев Ғалымжан Мерекеұлының шараға қосқан үлестері зор екендігін айтуға болады.

Конференцияның практикалық бөлімі аяқталған соң, білім бөлімінің басшысы Долдашов Айбол Темірбайұлы аталған шараға атсалысқан бір топ ер азаматтарды, белсенді клуб мүшелерін білім бөлімінің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтарын табыстап марапаттады.

Аталған шараның құрметті қонағы ретінде шақырылған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Халенов Сәбит Сүлейменұлы сөз кезегінде, қатысушыларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, конференцияның өз деңгейде өткізілгендігін айтып, жоғары баға берді. 

Конфереция соңы мерекелік концерттік шараға ұласып, осы шарада С.Шарипов мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Таңғалиев Қуандық Сансызбайұлы өзінің жеке туындысын Тәуелсіздікке арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты өлеңін қатысушыларға тарту етсе, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Оңайбеков Шалқар Есенгелдіұлының орындауында «Атамекен» әнімен аяқтады.

Ғылыми – практикалық конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан «Парасат» ер азаматтар клубы мүшелеріне және Мақат балалар өнер мектебінің ұжымына (директор Мәулекенов Дәулеткерей Нәсіпқалиұлы), сонымен қатар мектеп оқушыларын хорға дайындаған М.Баймұханов атындағы орта мектебіне (директор Таумуринова Әсемгүл Масатқызы), сондай-ақ, көрмені дайындауға үлес қосқан білім беру ұйымдары мен аудандық мұржай мекемесіне білім бөлімінің атынан алғысымызды білдіреміз.