28 Наурыз 2022
111

«Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық конкурсының қорытынды МӘЛІМЕТІ

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 24 наурыз күні Х.Санбаев атындағы орта мектебі базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық конкурсы  өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру. Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Аталмыш конкурсқа ауданның білім беру ұйымдарынан мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, психологтар, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілер және әдіскерлер, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагогикалық – психологиялық түзеу кабинетінің мамандары қатысты.       

Конкурс ережесіне сәйкес, 5 бағыт бойынша өткізілген байқауға ауданнан 17 педагог қатыстырылды.        

Нәтижесінде «Білім жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша:  

М.Баймұханов атындағы орта мектебі директордың оқу ісі орынбасары Баетова Тоты Сауытқалиқызы ІІ орынға және Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі директордың тәрбие ісі орындасары Гинаятова Гайни Булатовна Алғыс хатқа қол жеткізсе;

«Психолог сандықшасы» бағыты бойынша:

Бәйгетөбе мектеп – бөбекжай кешенінің педагог-психологі Оразғалиева Сауле Қожабергенқызы І орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Идрисова Марта Әділбекқызы ІІ орын,  №7 Психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің дефектологі Басекенова Гүлмира  ІІІ орынға және А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің дефектологі Жанетова Данагүл Муздакбайқызы мен Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі дефектолог Раева Амина Болатқызы Алғыс хатқа табан тіреді.

«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша:

«Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеші Тагабергенова Актенге Құдайбергенқызы І орынға, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Сағындықова Айнагүл Махсутқызы ІІ орынға және А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рахметоллаева Салтанат Файзоллақызы ІІІ орынға қол жеткізсе, сонымен қатар, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің музыка пәні мұғалімі Мұратова Гүлфайрус Қайдарқызы, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құспанова Айгүл Есназарқызы және Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аминова Гүлзия Селбайқызы мен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Тажмағамбетова Салтанат Беркінқызына Алғыс хат бұйырды.

Конкурстың «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша Бәйгетөбе мектеп – бөбекжай кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Семова Мереке Алдоңғарқызы І орынға және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нуркасимова Какима Магданқызы ІІ орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, конкурстың бесінші «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің директордың оқу ісі орынбасары Джукиева Динара Наурызбайқызына І орынды қанжығасына тұтса, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдиярова Жансая Қойлыбайқызы мен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Утешова Ақкенже Сарқытқызына Алғыс хат бұйырды.

Конкурс қорытындысына сәйкес, әр бағыт бойынша жүлделі І орынға ие болған қатысушылар облыстық кезеңге қатысатын болады.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!!!