28 Наурыз 2022
128

2022 жыл «Балалар жылы» аясында мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыстың қорытынды МӘЛІМЕТІ

Мақат ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №89-шы бұйрығына сәйкес, 24 наурыз күні Л.Шахатов атындағы орта мектебінің базасында 2022 жылы «Балалар жылы» аясында мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өткізілді.

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:

- тоғызқұмалақ ойынын дмыту және насихаттау;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- спортшылар арасында достықты нығайту.

Жарыс ережесіне сәйкес үш жас (8, 10, 12) ерекшелігі бойынша 1 ұл, 1 қыз қатыстырылды.

Нәтижесінде 8 жас аралығы бойынша:

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Есенгелді Нұрхан мен Салимова Зада ІІ орынға және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары Жанболат Абдурашид пен Алмасқызы Айсана І орынға;

10 жас аралығы бойынша:                                

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Маликов Алихан мен Жақсылыққызы Ақниет ІІ орынға және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары Мизам Сырым мен Жұмажан Інжу І орынға;

12 жас аралығы бойынша:

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы Ғалымжан Шыңғыс пен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Жанболат Ахмет ІІІ орынға, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Дәулет Саламат ІІ орынға және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Берікұлы Дидарға І орын бұйырды.

Жарыстың жас ерекшелігі бойынша жүлделі І орынға қол жеткізген қатысушылар облыстық кезеңге қатысатын болады.

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!!!