Басты бет » СЕМИНАР –ПРАКТИКУМ ӨТТІ

СЕМИНАР –ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Атырау облысы білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің 2024 жылы 24 қаңтарындағы №53 бұйрығына сәйкес білім алушылардың білім жетістігін мониторинг дайындығын жақсарту мақсатында семинар – практикум өтті.

Семинар жұмысының бағдарламасына сай Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жангалиева Гулмира, С.Шарипов мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Оналбаева Жайнагүл, Х.Санбаев, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептерінің химия пәні мұғалімдері Кордаева Дарига, Құсайын Ардақ, М.Баймұханов, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімдері Сагандикова Айнагул, Куанышева Жадыра, Орынғалиева Гүлдана семинар – практикум тақырыбына байланысты яғни білім алушылардың білім жетістігін мониторинг дайындығын жақсарту мақсатында өз –тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген семинар аудан педагогтері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Семинар – практикум өз мақсатына жетті. Іс-тәжірибе таратқан педагогтерге арнайы алғыс хаттар табысталды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *