Басты бет » “Сыни ойлауды дамыту” оқыту-семинары өтті

“Сыни ойлауды дамыту” оқыту-семинары өтті

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым әдіскері Таңшолпан Сағидоллақызының ұйымдастыруымен “Сыни ойлауды дамыту” тақырыбында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілеріне, жалпы білім беретін мектептер жанынан ашылған шағын орталық және мектепалды сынып тәрбиешілеріне арналған аудандық оқыту-семинары ұйымдастырылды. Семинарға 28 педагог қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында ортаңғы, ересек және мектепалды сынып тәрбиешілеріне сыни ойлау жұмыстарының әдіс-тәсілдері көрсетілді.                                                       Оқыту-семинарының мақсаты: дені сау, дербес, білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыруда сыни ойлау жұмыстарының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктерін молынан тану.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.