Басты бет » “Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту” оқыту-семинары өтті

“Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту” оқыту-семинары өтті

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 10 қаңтар күні “Балбөбек” бөбекжай-балабақшасының базасында “Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбында аудандық оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысында балабақша әдіскерлері мен педагогтарына кәсіби құзыреттілікті қалай арттыруға болатындығы жөнінде, нормативтік құжаттармен қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.

Семинар мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагог қызметкерлердің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін қалыптастыру.

Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілері, жалпы білім беру ұйымдарының шағын орталық және мектепалды сынып тәрбиешілеріне қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Аудандық семинарға жалпы саны 30 педагог қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *